Қаулы бүгін, 1 ақпаннан бастап күшіне енді.
Жаңа қаулыға сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жұмысына тек жексенбі күні тыйым салынды. Театр, кинотеатрлар қызметіне рұқсат етілді, алайда залдың 20%-і ғана толуы керек.
Сонымен бірге моншалар шектеусіз жұмыс істей береді. Ал сауна, СПА-орталықтары, бассейндер қызметіне жексенбі күні тыйым бар, басқа күндері 06.00-ден 21.00-ге дейін ашық болады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда 1 ақпаннан бастап демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салу, коронавирус жұқтырған барлық науқасты ауруханаға жатқызу туралы қаулыға қол қойды.
Шектеу шаралары 1 ақпаннан бастап күшіне енуге тиіс еді, алайда Алматы 31 қаңтарда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша «жасыл» аймаққа ауысты. Осы себепті Алматыда карантин шектеулері жеңілдейтіні хабарланды. Бұл туралы Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің төрағасы Сәдуақас Байғабылов айтты.