Алматыда сауда ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді

Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында жазылған.

Жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін СОСО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне шектеу, сенбі және жексенбі күндері қызметіне тыйым салуды, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттардың жұмысын шектеуді, тек сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінен тыс жерлерге уақыты бойынша шектеумен 07.00-ден 20.00-ге дейін алып шығуды және жеткізуді қаулы етемін, — делінген құжатта.

Сонымен бірге сауналар, СПА-орталықтар, бассейндердің күнделікті жұмысын сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, сенбі-жексенбі күндері қызметіне тыйым салынды.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.