2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалардағы, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына қосымша ақы тағайындалды.
Енді олардың еңбекақысына ай сайын 17 697 теңге қосылады. Осылайша, дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейеді. Мұғалімдер сабақтарымен бірге секциялар өткізеді. Балалар мектепте қажетті жабдықтардың болуына байланысты түрлі спорт секциясына қатыса алады, — делінген министр жазбасында.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдер жалақысы 25% көбейтінін хабарлады. Президенттің айтуынша, педагогтар жалақысы алдағы уақытта да арта береді.
Білім саласындағы басты мәселенің бірі — ұстаздар жалақасының аздығы. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25% көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы 3 жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді, — деді мемлекет басшысы.