Президент жалған кәсіпорындар мен әдейі салық төлемейтіндерге қарсы жұмысты жүйелі түрде күшейтуді талап етті.
Ресми бағалаулар бойынша ішкі жалпы өнімнің төрттен біріне, ал Дүниежүзілік банктің деректері бойынша 40%-ке жуығы «көлеңкелі» аймақта екен. «Көлеңкелі» экономикаға қарсы күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігі құрылады, — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1994 жылдан бері жұмыс істеді. 2014 жылдың тамызында ведомство таратылды.