Ұлттық банк төрағасы жылды қорытындылады

Аздаған ауытқулар болса, ол сыртқы жағдайлардың ықпалынан болуы ықтимал. Инфляция деңгейі экономистер күткен шеңбер ішінде болды. Елдегі банк саласында тұрақтылық сақталған. Бас банкир алдағы жылдың жоспарымен де бөлісті. Ұлттық банк биылғы ұстанған бағытын өзгертпейді. Теңгенің бағамы еркін айналымда қалады. Өйткені теңге қазақстандықтардың негізгі инвестициялық құралы ретінде өзін көрсетті. Дәлел – банктегі депозиттердің өскені. Жыл басынан бері азаматтар 7,8 миллиард теңге салым салып, ол 60 пайызға артыпты. Есесіне шетел валютасымен салынған депозит азайған. Ал алдағы жылы теңгенің бағамы аса қатты ауытқымайды деген болжам бар.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банктің төрағасы: — Теңгенің бағамы мұнай бағасының өзгеруіне қарай аздап ауытқуы мүмкін. Өйткені ол – біздің негізгі экспорттық тауарымыз. Сосын біз сауда жасайтын елдердегі экономикалық жағдай да әсер ететін болады. Әлемдік нарықтағы өзгерістерден біз шет қала алмайтынымыз белгілі. Ақышев Ұлттық банкттің инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұра алғанын айтты. Өткен 11 айдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5 пайызды құрады. Бұл – былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда біршама төмен көрсеткіш. Алдағы жылы да оны 6-8 пайыз аралығында ұстамақ жоспары бар.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары: — Ақша және валюта нарықтарын өз деңгейінде тұрақтандыра алды және экономикамызда орын алған кейбір дисбаланстарды, кемшіліктерді түзетті. Еліміздің банк саласындағы жағдай тұрақты. Экономикалық ортаның өзгергені банктерге әсер еткен. Енді акционерлік капитал қорының деңгейі қаржы институттарының жұмысына зор ықпал ететін болады. Ал бәсекелестікке банктердің іріленгендері шыдас береді. Олар бірігеді ме, жоқ па — қазір нақты ондай болжам жоқ.

Дереккөз24.kz