Қазақстанда коронавирусты 170 мыңнан астам адам жұқтырды

Жаңа дерек барлық өңірде тіркелді. Павлодар облысында 150, Нұр-Сұлтанда 124, Ақмола облысында 109 адамнан инфекция анықталды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 20 523(+79);
Нұр-Сұлтанда — 20 144(+124);
Шығыс Қазақстан облысында — 19 595(+47);
Атырау облысында — 15 030(+78);
Қарағанды облысында — 12 848(+66);
Павлодар облысында — 10 723(+150);
Батыс Қазақстан облысында — 9 985(+50);
Солтүстік Қазақстан облысында — 9 633(+71);
Қостанай облысында — 8 743(+72);
Ақмола облысында — 8 450(+109);
Алматы облысында — 8 285(+93);
Шымкентте — 5 733(+7);
Жамбыл облысында — 5 296(+25);
Маңғыстау облысында — 3 888(+2);
Түркістан облысында — 3 906(+17);
Ақтөбе облысында — 3 823(+4);
Қызылорда облысында — 3 493(+5).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 170 098-ге жетті, оның 2 423-і қайтыс болды, 154 449-і аурудан айықты.

COVID-19 белгілері бар пневмония

2021 жылғы 17 қаңтардағы мәлімет бойынша 18 дерек тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталды. 43 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 46 866 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 542-і қайтыс болды, барлығы 34 656 адам жазылып шықты.