Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамын бекітті

Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалды:

Әлихан Смайылов — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;

Роман Скляр — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

Ералы Тоғжанов — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

Мұхтар Тілеуберді — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі;

Ғалымжан Қойшыбаев — Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы;

Нұрлан Ермекбаев — Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;

Ерлан Тұрғымбаев — Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;

Аида Балаева — Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Сапархан Омаров — Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;

Марат Бекетаев — Қазақстан Республикасының әділет министрі;

Асхат Аймағамбетов — Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;

Алексей Цой — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;

Серік Шәпкенов — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Бейбіт Атамқұлов — Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Ерұлан Жамаубаев — Қазақстан Республикасының қаржы министрі;

Ақтоты Райымқұлова — Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;

Бақыт Сұлтанов — Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі;

Юрий Ильин — Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі;

Әсет Ерғалиев — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

Бағдат Мусин — Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Мағзұм Мырзағалиев — Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Нұрлан Ноғаев — Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкенов жаңадан министр болды. Серік Шәпкенов мұның алдында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал Әсет Ерғалиев ұлттық экономика вице-министрі болды.

Мұхтар Тілеуберді екі қызметті: сыртқы істер министрі, сонымен бірге премьер-министрдің орынбасары қызметтерін қоса атқарады.

Ал қалған министрлер Үкімет отставкаға кеткенге дейінгі қызметтерінде қалды.

Еске салайық, 15 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді премьер-министр етіп тағайындау туралы жарлық шығарды.