Басты бетҚоғамМемлекет басшысы:...

Мемлекет басшысы: Мәжіліс пен мәслихаттарға абыройлы адамдар келді

Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30% квота белгілеу арқылы қол жеткіздік. Мәслихат сайлауына пропорционалды жүйені енгізу партиялардың өңірлердегі белсенділігін арттырды. Сонымен бірге азаматтарды жергілікті жердегі саяси үдеріске барынша тартуға жағдай жасады. Парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің ролін айтарлықтай күшейтеді. Осылайша, еліміздегі көппартиялықты дамытуға және парламентаризмді нығайтуға едәуір серпін бердік, — деді президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйледі. Толық мәтін мұнда.