Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген қаулыда.
Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған.