10 қазақстандық Амстердамдағы Booking бас кеңсесінде жұмыс істейді

Олардың жетеуі ҚР ең бірінші болып Booking компаниясында жұмыс істеген Әлібек Датбаевтың ұсынысымен жұмысқа кірген. Ал, қалған үшеуі өздері сұраным беріп, жұмысқа орналасқан.

Мәди Сағымбеков бағдарламашы болып жұмыс істейді, бұрындары қазақстандық банктерде қызмет еткен. 

Мәди Сағымбеков
Сурет «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

«Бізде ішкі рекрутинг жүйесі бар, онда өз достарыңызды ұсына аласыз. Ұсынылған адамдар жұмысқа орналасу кезінде біраз жеңілдіктер жасайды», — деді Датбаев.

Ірі компанияға жұмысқа орналасқан екінші қазақстандық — Абзал Сереков, олда бағдарламашы. Ол Қызылордадан, Назарбаев университетін тәмамдаған. 

Абзал Сереков
Сурет «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

«Booking компаниясында қазақстандық қыз жұмыс істейді. Оның есімі Бақыт Әбішева, ол iOS-құрастырушысы. Ол Канадада оқыған», — деді қазақстандық бағдарламашы. 

Бақыт Әбішева
Сурет Facebook желісіндегі жеке парақшасынан.

Booking.com компаниясына жаңадан жұмысқа орналасқан Джамшед Насриддинов та — қазақстандық.

Джамшед Насриддинов

Ал, бұл Дмитрий Киренкин, ол жұмысқа өзі сұраныс беріп орналасқан. 

Дмитрий Киренкин

«Тағы үш адам бар, олар шақырту алды, алайда әлі келген жоқ (…) екеуі қаңтарда келеді, ал біреуі наурызда келеді. Дмитрийден бөлек тағы екі адам өздері сұраныс беріп, жұмысқа орналасты. Біз мұнда бір отбасының балаларындаймыз, жиі кездесіп тұрамыз. Біздің жігіттер мен қыздар қабілетті, әлемнің басқа елдерінен келген мамандардан кем түспейді. Барлығының да әлемдегі ең ірі компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар», — деп бөлісті Датбаев.

Қазақстандық Әлібек Датбаев осы жылдың басында Booking.com компаниясына орналасқан. Датбаевты Нидерланды еліне IT маманы болуға шақырған. Ол осыған дейін АҚШ-та жұмыс істеген. Маманның жолын, тұратын жерін, тамағын төлеп берген. Сұхбаттасудың соңында Әлібек Датбаевты жұмысқа шақырған.

Әлібек Датбаев Павлодар қаласының тумасы, ол Алматыда ҚБТУ-ды тәмамдаған. 

Әлібек Датбаев

Дереккөзtengrinews.kz