Басты бетҚоғам22.00-дегі дерек:...

22.00-дегі дерек: Қазақстан азаматтарының 63,3%-і сайлауға қатысты

Сайлаушылар жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін барлығы 10 060 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Республика бойынша дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Уақыт айырмашылығына байланысты Батыс Қазақстанның төрт өңірінде және Қызылорда облысында сағат 21.00-ге дейін созылды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың жалпы саны — 11 915 903. Тізімге енген сайлаушылардың 63,3%-і дауыс берген.

Сайлауға қатысу бойынша жоғары белсенділік Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстарында байқалды. Республика бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанда ең төмен көрсеткіш тіркелді.

Өңірлер бойынша сайлауға қатысушылар туралы мәлімет:

Ақмола облысы бойынша — 72,8%;
Ақтөбе облысы бойынша — 58,8%;
Алматы облысы бойынша — 73,5%;
Атырау облысы бойынша — 56,4%;
Батыс Қазақстан облысы бойынша — 62,4%;
Жамбыл облысы бойынша — 72,2%;
Қарағанды облысы бойынша — 70,7%;
Қостанай облысы бойынша — 71,8%;
Қызылорда облысы бойынша — 73,9%;
Маңғыстау облысы бойынша — 55,0%;
Павлодар облысы бойынша — 71,3%;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 75,5%;
Түркістан облысы бойынша — 65,8%;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 72,4%;
Нұр-Сұлтан бойынша — 45,1%;
Алматы бойынша — 30,3%;
Шымкент бойынша — 56,5%.

Орталық сайлау комиссиясының 22.00-дегі мәліметі

Еске салайық, 10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Cайлауға 5 партия — Қазақстан Халық партиясы, Nur Otan партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Adal саяси партиясы қатысты.