Ондағы тұрғындармен болған жүздесуде Партияның Арыс бойынша бекітілген сайлауалды бағдарламасы насихатталды.
Ауылдағы ағайынның көптен бері проблемаға айналған мәселесі — интернет желі жылдамдығының төмендігі айтылды.
Кандидаттардың айтуынша — аумақтағы кез келген өзекті мәселелер 2025 жылға қарай Nur Otan партиясының қолдауымен шешімін таппақ.
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланың одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Қалада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.
Бұл үшін Nur Otan партиясы:
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 85,6 %-ке;
- мектептердегі химия, биология, физика пәндері кабинеттерін кезең-кезеңмен жабдықтау және жаңартуға;
- 7 мектепті күрделі жөндеуге;
- білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын (компьютерлер 10+1, оқушы жиһазы, жаңа модификациялы кабинеттер, көркем және оқу-танымдық әдебиет) нығайтуға;
- мектептер қашықтықтан білім беру жүйесімен жұмыс істейтіндіктен 2020-2021 оқу жылында жағдайы төмен 1512 отбасыдағы 2781 оқушының үй жағдайын 100% компьютерлік техника (ноутбук, планшет) және интернет желісімен қамтамасыз етуге;
- қала жастарының бос уақытын тиімді өткізу үшін қаламызда оқушылар сарайын салуға;
- дарынды балаларға тереңдетілген білім беретін мектеп ашуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылғы қарай ҰБТ-да 100 және одан жоғары балл жинаған мектеп түлектері 15% артады.