Nur Otan партиясы: Арыста спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 40%-ке жеткіземіз

Кездесу барысында  Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы Nur Otan партиясының  қаланы дамыту бойынша 7 бағытты түсіндіріп, осы басымдықтарды іске асыруда Nur Otan партиясының 5 жылға арналған жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. Nur Otan партиясы 2025 жылға дейін қалада халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 40%-ке жеткізуді көздейді. Бұл үшін:

  • Арыс денешынықтыру-сауықтыру орталығын салуға;
  • жалпы спорттық шаралар өткізуге;
  • жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
  • бір денешынықтыру-сауықтыру кешенін, 2 заманауи спорттық алаңшасын  (Аққала елді мекеніне спорт алаңшасын салу) және 3 street workout  алаңшаларын салуға;
  • ұлттық спортты дамытуға (110 қалалық, 15 облыстық, 3 республикалық, 2 халықаралық  әр түрлі іс-шаралар өткізуге.Ұлттық спорт түрлерінен: қазақша күрес, тоғызқұмалақ  және ауыр атлетика, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін халықтың инфрақұрлымын қамтамасыз етілу деңгейі  40%-ке жетеді.

Кездесу соңында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы қызметкерлерінің  тұрғын үй коммуналдық шарушалық, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап беріп, Nur Otan  партиясы жұмысындағы басты бағдар-жұртшылықтың талап тілектері мен мұң-мұқтаждықтары екенін атап өтті. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын  қолдайтындарын айтты.

Ескерту: Nur Otan партиясы Арыс қаласы сайлау қорының қаражатынан төленді.