Nur Otan партиясының аудандық штаб төрағасы Рухолла Саматов биылғы сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын істерді айтып өтті.
Ауданымызда 14 бастауыш партия ұйымы бар. Оның 1500-ге жуық мүшесі бар. Олардың барлығы Nur Otan партиясының құрамында. Өздеріңіз білесіздер биылғы сайлау ерекше өткелі тұр. Өйткені тұңғыш рет праймериз өткізілді. Өзінің туған елі үшін, жері үшін білегін сыбанып, алдағы уақытта еңбек етеді деп ойлаймыз. Ол үшін сіздердің беретін дауыстарыңыз маңызды. Сайлауда белсенді болуға шақырамын,- деді Рухолла Саматов.
Шара барысында тұрғындар сұрақтарын қойды. Үміткерлер оларға жауап беріп, нақты істердің атқарылатынына уәде берді.
6 шақырым қашықтықта аудан орталығында ішкі жолдар салынады. 2022-2025 жылдары Жаңақала-Жаңақазан ауылына жол салынса, 2022-2023 жылдары Көпжасар, Пятимар ауылдарының кірме жолдарына қатқыл табанды жол төселеді. Әлеуметтік салаға да үлкен көңіл бөлінбек. Дәрігерлер мен ұстаздардың жалақылары тағы да 25-30% көтерілмек. Нақты істерге құрылған Nur Otan партиясына тегістей дауыс беруге шақырамын, — деді Рухолла Оразалиев.
Кездесуден соң Nur Otan партиясының мүшелері тұрғындармен сөйлесіп, оларға үнпарақтар таратып, партияға дауыс беруге шақырды.
Жанайдар Болатбекұлы
Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы Жаңақала аудандық штабының сайлау қорынан төленді.