Кандидаттар кәсіпкерлік саласы өкілдерімен кездесті

Кандидаттар кездесу барысында Nur Otan партиясының бағдарламасымен таныстырып, жоспарлы жұмыстардың басым бағыттарына тоқталды.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Партияның мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 300-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқыту, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 15 кәсіпкердің пайыздық өлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант ұсынуға жағдайлар жасалатын болады, — деді кандидат Кәдірхан Төлемісұлы.

Кәсіпкерлік саласының өкілдері айтылған бағдараламалар аясында қосымша сұрақтар қойып, қажет кеңес те алды.

Ескерту: Nur Otan  партиясы Қызылорда облысы Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.