Мұндай азық-түлік жинағын кез келген уақытта және Қазақстанның кез келген нүктесінен сатып алуға болады. Ол үшін Wolt қолданбасын ашып, қайырымдылыққа қатысатын орынды тауып, тапсырыс рәсімдеу қажет. Жақсы сыйлықты Wolt курьері тегін жеткізіп береді.

Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әзірленуде. Ал жалпы бағасы 9400 теңге болатын азық-түлік жинағына бірінші кезекте қажет болатын макарон, күнбағыс майы, көкөніс, жеміс, шәй, сусын мен тәтті секілді өнімдер кіреді.

Қайырымдылыққа қатысушы азамат сыйлық себетінің тек жарты бағасын, яғни 4700 теңгені төлейді. Қалған 50%-ды Coca-Cola компаниясы жауып отыр. Сатылым және жеткізу туралы есепті Instagram-дағы @wolt.kazakhstan парақшасынан көруге болады.

Жергілікті қауымдастыққа қолдау білдіру Coca-Cola жаһандық жүйесі үшін әрдайым басым бағыттардың бірі саналады. Мәселен, 2020 жылдың қыркүйек айында Coca-Cola мен Wolt «Дәрігерге рахмет!» қайырымдылық акциясын өткізді. Ниет білдірген әр адам бұл жоба аясында медицина қызметкеріне ыстық түскі ас сыйлады, оның жарты бағасын компания төлеп берді. Осыған ұқсас «Ізгі мәзір» атты тағы бір акция тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталды. Оны Coca-Cola тағы бір жеткізу қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырды.

Coca-Cola компаниясы Қазақстан үкіметінің COVID-19 таралуын тарылту және тоқтатуға арналған іс-әрекетін жоғары бағалайды. Өз кезегінде компания ірі инвестор және қоғамның әлеуметтік тұрғыдан жауапты мүшесі ретінде халық пен шағын бизнеске қолдау білдіру арқылы осы бір күрделі кезеңде қоғамның тұрақталуына үлесін қосып келеді.