Қаулы мәтіні қысқаша мынадай:
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көлігінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сонымен қатар медицина қызметкерлері үйде көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;
2) қоғамдық тамақтану орындарында қорқор пайдалануға тыйым салуды;
3) медицина ұйымдарында, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйінде, балалар үйінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Ересектерге берілгеніне 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР тесті мен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйі мен балалар үйіне баруға рұқсат етіледі.
Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.