Басты бетҚоғамПартия Көкшетаудағы...

Партия Көкшетаудағы Ауған соғысы ардагерлерінің мәселесін бақылауына алды

Бүгін бұл мәселе Nur Otan партиясының Ақмола облысы бойынша Сайлауалды штабында қозғалды. Кездесуге келген Көкшетау қалалық мәслихаты мен Ақмола облыстық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерін мазалаған біраз сұраққа жауап берді.

Дәрігер ретінде Ақмола облыстық мәслихатына үміткер Ерлан Аяғанов, Көкшетау қалалық мәслихатына үміткер Ғалия Сабатаева маңызды сұрақтарға жауап беруге тырысып, әр азаматтың мәселесін жеке бақылауына алды. Ауған  соғысы ардагерлерімен және Чернобыль апатының алдын алуға қатысқан көкшетаулық азаматтарды тегін дәрі-дәрмектің уақытылы берілмеуі, әсіресе жылдың басы мен аяғында  дәрі ала алмау мәселесі, тарифтердің жоғары болуы, үй кезегінің жылжымауы сияқты маңызды сұрақтар мазалайтынын жеткізді.

Nur Otan, Ауған соғысы ардагерлері
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Әсия Шәрімова ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандар үшін арнайы категориямен қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүруге арнайы жол жүру билеті қарастырылғанын жеткізді.

Ашық дисскуссия форматында өткен жиын осы мәселелерді түбегейлі шешпесе де, бірақ мәселенің басын ашып, атқарушы билікке жеткізер деген оймен аяқталды.

Nur Otan партиясынан депутаттыққа үміткерлер әр мәселені жеке бақылауына алып, жуық арады қарастыратындықтарын жеткізіп тарқасты.

Ескерту: Nur Otan партиясының Ақмола облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді.