Жапонияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай 29 шақырымдық жаяу марш өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-дағы парақшасында хабарлады.
Елшілік ұйымдастырған акцияға қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының мүшелері, сонымен бірге Жапонияның іскерлік және академиялық топ өкілдері қатысты, — делінген хабарламада.
Шамамен 6 сағатқа созылған шеру Тама өзені бойында өтті.