Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына ерекше көңіл бөлу қажет

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырымбек Көшербаев Президентке пандемияға қарамастан Абайдың 175 жылдығына, әл-Фарабидің 1 150 жылдығына, Алтын орданың 750 жылдығына және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкенттің 2 200 жылдығына арналған шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асып жатқаны туралы айтты.

Мемлекет басшысы 2021 өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді.

Ал Қырымбек Көшербаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функционал мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді баяндады.