Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Тәңірберген Бердоңғардың Facebook-парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
Жанымгүл жүкті болған кезде «көз тимесін» деп құпия ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!, — деп жазды ол.
Еске салайық, 2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғынүй алабында жеке үй өртенді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес қыз бала қайтыс болды.