Алматыда Nur Otan партиясының аудандық сайлауалды штабы ашылды

Ұсыныстарға сәйкес, 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10.00-де аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті.

Ашылуға штаб мүшелері, сенім білдірген адамдар, партиялық тізімге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 15 адам қатысты.

сайлауалды штаб, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Сатибаев ашып, аудандық штаб мүшелерімен және нұсқаулықпен таныстырды.

Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Алматы облыстық Іле аудандық штабының сайлау қорынан төленді.