Үлкен тауар сатып алу
Күнделікті тұрмыстан артылған сомаға бірден сатып алуға келмейтін, алайда ұзақ уақыт ақша жинауға да мүмкіндік бермейтін дүниенің иесі атану үшін несиені пайдалануға болады.
Мысалы, көлік алуды армандап жүрсеңіз немесе көптен бері жаңғырмаған үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгіңіз келсе, кредитті қаржы құралы ретінде қарастырып көрсеңіз болады. Тіпті шетелге шығып, демалып қайтуды яки тұрмыс техникасын «бөліп сатып алу» арқылы рәсімдеу де ортамерзімді перспективада қаржы тұрғысынан тиімді болуы мүмкін.
Ең бастысы, кіріс-шығысыңызды бақылауда ұстап, несие шарттарымен мұқият танысу қажет.
Мысал келтірейік. Тұрақты табысы бар және оны ресми түрде растай алатын 21 жастан асқан кез келген азамат Halyk Bank-тен несие ала алады. 7 млн теңгеге дейін кепілсіз несие сомасын 5 жылға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады.
Оның жылдық процент мөлшері 10%-тен басталады (ЖТСМ 10,4%-тен бастап). Бұл — кредитті сақтандыруды қоса алғандағы пайыз. Ал сақтандырусыз ЖТСМ 14,6%-тен басталады. Бұл — жалпылама ақпарат, негізі, әр тұлға бойынша пайыз жеке-жеке есептеліп, нақты жағдай мен келісімшарт аясында анықталады.
Уақыт үнемдеу
Несиенің тағы бір артықшылығы — уақыт үнемдеу. Әрине, жоғарыдағы біз айтып кеткен дүниелерді алу үшін адам өз бетінше де ақша жинай алады. Бірақ бұл көп уақытты қажет етеді. Соның кесірінен діттеген мақсатқа қажет кезде жете алмауыңыз да мүмкін. Мысалы, шетелге шығып, саяхаттағыңыз келді делік. Бірақ күнделікті тұрмысқа жұмсаған ақшадан артылғанын жинау айлар, тіпті жылдар алады. Ал несиені бірнеше сағаттың немесе бір күннің ішінде ала аласыз.
Біздің мысалдағы Halyk Bank-тен несие алу үшін клиент банктің кез келген бөлімшесіне барып, жеке басын куәландыратын құжатымен өтініш береді.
Сондай-ақ қкредитті онлайн, яғни қашықтан алу мүмкіндігі де бар. Ол үшін Homebank мобайл қосымшасына кіріп, кредиттер бөліміне өтіп, онлайн несиені таңдау қажет. Тұтынушы өзіне қажет қаражат құнын енгізіп, несие мерзімін және ай сайын төлеуге ыңғайлы күнді белгілейді. Осыдан кейін бірнеше минут көлемінде банктен жауап келеді. Мақұлданған жағдайда кредит сомасы карта шотына аударылады. Ал қаражатты Halyk Bank-тың кез келген банкоматы арқылы шешіп алуға болады.
Шұғыл жағдайға көмек
Қолдағы қаражаттың бір теңгесіне дейін қайда жұмсайтынын жоспарлап қойған адамның өзі шұғыл әрі қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Жинақ қорын мақсатыңызға жаратып, келесі күні кенеттен қайтадан ақша керек болды. Не істейсіз? Ақшаны қайдан табасыз? Біреуден қарызға қомақты ақша сұрау ұят па? Дәл осындай жағдайда несие құтқарады.
Жеңілдіктер мен бонустар
Қазір банктер тұтынушыларына түрлі жеңілдік қарастырған. Мәселен Halyk Bank несиесі бойынша оны рәсімдеу үшін алынатын комиссия 50% жеңілдікпен жүреді. Сондай-ақ банк кредит алған клиенттер арасында жыл соңына дейін Алматының экологиялық таза ауданында орналасқан Хан Тәңірі тұрғын үй кешіндегі үш пәтерді ұтысқа қосыпты. Осы уақытқа дейін екі жеңімпаз анықталып, пәтер кілті табысталған, ал үшінші пәтердің иесін 30 желтоқсанда Halyk Bank-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында, тікелей эфирде анықталады.
Ұтысқа қатысу үшін, біріншіден, төмендегі кредиттің бірін желтоқсанның жиырмасына дейін алуы керек:
- Бөлімше арқылы 500 000 теңгеден басталатын сомадағы кепілсіз несие;
- Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомадағы онлайн-несие;
- Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеу.
Ұтыстың екінші шарты. Кредит алған клиенттер Homebank қосымшасында кез келген төлем жасауы қажет:
- Төлемнің ең аз сомасы-1 000 теңге
- Төлемдердің ең аз саны — 1 төлем әр айдың 20-на дейін.
Кәсіп бастауға жол
Кей адам өз кәсібін ашып, дөңгелетіп отырғысы келеді. Бірақ кез келген кәсіпті бастау үшін де инвестиция керек екені белгілі. Ондай сома болмаған жағдайда несие ала тұруға болады. Оның үстіне қазір банктер кәсіпкерлер үшін түрлі акция ұйымдастырып жатыр.
Мысалы Halyk Bank әрдайым бизнес өкілдерін қолдап отырады. Қазіргі уақытта бұл банк бірінші болып «Даму» АҚ берген кепілдіктер бойынша микро және шағын бизнесті қаржыландыруға қосымша лимит алды.
Бағдарлама аясында шағын және микро кәсіп иелері сыйақы мөлшерлемесі 6%-пен 20 млн теңгеге дейін алу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда банк несиені 19,2%-пен береді. Бірақ клиент тек 6%-тін өтейді. Қалған проценті мемлекет тарапынан өтелініп отырады.
Кәсіп иесі айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгені аударып, қалған 15 млн теңгені инвестициялық мақсатқа бағыттай алады. Екі жағдайда да «Даму» қоры қарыз сомасының 85% мөлшеріне кепілдік береді. Айналым қаражатын толықтыруға субсидиялар 2 жылға дейін, ал инвестициялық мақсатқа 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Бағдарламаға түрлі салада жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік қатыса алады.
Сонымен бірге, банк өңірлік бизнесті қолдауға да мән береді. Кейінгі жаңалық Павлодар облысының стартап-жобаларына арналған. 2020 жылдың 10 желтоқсанында Павлодардадағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Zhas-Halyk.Ertis » жобасының үшінші кезеңі басталады. Әр «жас» стартап иесі өз ісін бастауға немесе қолдауға жылдық 5%-пен (ЖТСМ 5,1%-дан бастап) 7 жылға 15 000 000 теңгеге дейін кепілсіз алу мүмкіндігі бар.
Оған қатысу үшін бизнес-жоспарды, есептеулерді және бейне-презентацияны www.zhashalyk-ertis.kz сайтына жолдау қажет. Өтініш беру 28.12.2020 дейін жалғасады.