Банктің мобайл қосымшасы арқылы аудармаларды жылдам жасауға болады.

Қолданушы бұл операция кезінде мынадай функциялар орындай алады:

  • Аударымдар тарихын қарау;
  • Өз шоттары, карталары және депозиттері арасында комиссиясыз аударымдар жасау;
  • Halyk Bank клиентіне телефон нөмірі бойынша комиссиясыз аударым жасау;
  • Бүкіл әлем бойынша кез келген картаға қаржы аудару;
  • ҚР банктерінің карталарына аударым жасағанда ұсталатын комиссия — 150 теңге (өзге банктермен салыстырғанда бұл төмен тариф);
  • Western Union Online арқылы тиімді тарифтермен ақша алуға және аударым жасауға болады;
  • Halyk Bank клиенттері QR бойынша аударым жасай алады;
  • Жиі жасалатын аударымдарды кез келген атаумен сақтау;
  • Аударымды қайталау мүмкіндігі.
Қосымша скринін Halyk bank баспасөз қызметі ұсынды

Homebank қосымшасы арқылы қолма-қол ақшаны картасыз шешіп алу функциясы іске қосылған. Ол үшін мына алгоритмді орындау қажет:

  1. Аударымдар > Барлық аударым > Банкоматқа аудару;
  2. Сомасын және алушының телефон нөмірін көрсету.

Halyk Bank банкоматына карта салмай-ақ қолма-қол ақшаны шешіп алу үшін кез келген батырманы басыңыз:

  1. Код бойынша қолма-қол ақша алу батырмасын таңдау;
  2. Соманы және SMS-пен келген кодтың екі бөлігін енгізу.

Homebank қосымшасында мынадай тиімді сервистер бар:

Қосымша скринін Halyk bank баспасөз қызметі ұсынды
  • Банк ішінде барлық төлем мен аударым үшін комиссия ұсталмайды;
  • Homebank қосымшасы арқылы төлесе, әр төлемнің 1%-і бонус ретінде қайтарылады;
  • Төлемдер тарихын қарау;
  • Төлемдерді іздеу;
  • Бонустар алып әрі комиссиясыз 5 000 теңгеден аса төлем жасау мүмкіндігі;
  • Жиі төленетін төлемдерді «Таңдаулыда» сақтау;
  • Homebank қосымшасындағы төлемдерді жиналған бонустармен төлеу;
  • Қосымша арқылы сақтандыру түрлерін алуға да болады.

Оған қоса, Homebank қосымшасы мен банктің halykbank.kz сайтында Halyk Info сервисі бар. Онда қолданушы банк өнімдері және қызметтері бойынша барлық сұраққа шұғыл жауап ала алады:

  • Жауаптарды негізгі сөздер бойынша ыңғайлы іздеу;
  • Өнімдер бойынша ыңғайлы бөлімдер және жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріледі.

Банк қосымшасына қалай тіркеледі?

  1. Android немесе iOS смартфондары үшін қосымшаны жүктеп алыңыз;
  2. «Тіркелу» батырмасын басып, экрандағы нұсқаулықты орындаңыз:
  • ЖСН және телефон нөміріңізді енгізіңіз;
  • Нөмірге SMS арқылы келген кодты енгізіңіз;
  • Пароль орнатыңыз;
  • Бейнетексеруден өтіңіз.

ДАЙЫН!

Homebank-ке тікрелген соң код-пароль немесе Face ID арқылы кіруге болады. Push-хабарламаларды қостырып, карталар және шоттар бойынша барлық операция туралы ақпарат алу мүмкіндігі де бар.

Банктің Halyk Bonus деген мультивалюта картасы бар. Ол клиентке тегін жеткізіледі. Бұл  картаға қосымша арқылы тапсырыс беруге болады. Halyk Bonus-тың мынадай артықшылыққа ие:

  • бір картада үш валюта ұстауға болады: KZT, USD, EUR
  • 1% – Halyk Bank-тің POS-терминалдары арқылы сатып алғаны үшін және Homebank-тегі төлемдер үшін кепілдік берілген бонус.

Halyk Bank-тің пайдалы сервистеріне шолу жасап өтейік:

  • Әлемнің кез келген жерінде депозитті онлайн ашып, ақшаны 4/7 режимімен алыңыз және толықтырыңыз;
  • Homebank қосымшасы арқылы 6 000 000 теңгеге дейін 5 минут ішінде кредит алыңыз;
  • 2 000 000 теңгеге дейін 24 айға дейінгі мерзімге ірі дүкендер желісінде бөліп төлеу арқылы тауар сатып алыңыз;
  • Halyk Bank клиенттеріне телефон нөмірі арқылы комиссиясыз шұғыл аударымдар жасаңыз;
  • затты картасыз, QR арқылы сатып алу;
  • 24/7 режимі бойынша онлайн-чат;
  • Картаны үйге немесе офиске жеткізіп беру функциясы арқылы тапсырыс беріңіз. Карта келесі жұмыс күні жеткізіледі.
  • 1 000-нан аса сұраққа жауап беретін дербес көмекші бар.
Қосымша скринін Halyk bank баспасөз қызметі ұсынды

Халық банктің 17 000-нан астам серіктесі бар. Сол дүкендерде Халық банк картасымен төлем жасасаңыз, 25%-ке дейін бонус ала аласыз. Оған қоса, Halyk Light бөліп төлеу картасымен серіктестер желісінде процентсіз және артық төлемсіз 4 айға бөліп төлеуге сатып алуға болады.