Жаңа дерек елдің барлық өңірінде тіркелді. Нұр-Сұлтанда 121, Шығыс Қазақстан облысында 99, Павлодар облысында 98 науқастан инфекция анықталды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 139 159-ға жетті. Оның ішінде:
Шығыс Қазақстан облысында — 17 428 (+99);
Нұр-Сұлтанда — 16 762(+121);
Алматыда — 16 741(+74);
Атырау облысында — 11 933(+28);
Қарағанды облысында — 11 358(+30);
Батыс Қазақстан облысында — 8 407(+29);
Павлодар облысында — 7 408(+98);
Солтүстік Қазақстан облысында — 7 231(+72);
Қостанай облысында — 6 102(+73);
Алматы облысында — 6 017(+38);
Ақмола облысында — 5 928(+66);
Шымкентте — 5 410(+4);
Жамбыл облысында — 4 596(+24);
Ақтөбе облысында — 3 544(+5);
Түркістан облысында — 3 522(+5);
Маңғыстау облысында — 3 468(+9);
Қызылорда облысында — 3 304(+2).
Жазылып шыққандар
Қазақстанда 924 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтанда — 98,
Алматыда — 94,
Шымкентте — 2,
Ақмола облысында — 65,
Ақтөбе облысында — 14,
Атырау облысында — 48,
Шығыс Қазақстан облысында — 149,
Жамбыл облысында — 14,
Батыс Қазақстан облысында — 30,
Қарағанды облысында — 7,
Қостанай облысында — 267,
Қызылорда облысында — 1,
Павлодар облысында — 88,
Солтүстік Қазақстан облысында — 46,
Түркістан облысында — 1.
Елімізде барлығы 123 215 адам COVID-19-дан жазылды, 2 112 науқас қайтыс болды.
Ауырып жатқандар
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 832 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1 004 бала бар. 3 762 науқас стационарларда, 10 070 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 230 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 41 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
COVID-19 белгілері бар пневмония
Өткен тәулікте 159 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 76 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 43 498 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 458 науқас қайтыс болды, барлығы 31 217 адам аурудан айықты.