Біз пойыздардағы сервистің сапасын жетілдіру жағын ойлауымыз қажет. Сапар барысында әркім өзін жайлы сезінуге тиіс. Осы тұста біздің басты мақсатымыз – компаниядағы сервис сапасын жоғары деңгейге көтеру, – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры Питер Штурм.
Питер Штурм бұл лауазымға 2020 жылдың тамызында тағайындалды.
Компанияны түрлендіру үдерісін оның бұрынғы басшысы, Штурмның Deutsche Bahn (Германияның бас теміржол операторы) компаниясындағы әріптесі Михаэль Кортюм бастады. Ол бұл лауазымнан тағайындалғаннан кейін 10 айдан соң жеке басына байланысты себептермен кетті.
Тасымалдаушы түрлену жұмысы аясында басқару үдерісіне IT-технологияларды енгізіп, билеттерді сату жүйесін жетілдіріп, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр.
Сапалы өзгерістер
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-дағы сервистің сапасы қолданыстағы вагондарды жетілдіру, сондай-ақ жаңа вагондар сатып алу есебінен жақсартылатын болады.
Қазіргі таңда компания паркінде 2240 вагон бар. 2020-2029 жылдар аралығында қозғалмалы құрамды жаңарту стратегиясы аясында 469 жаңа жолаушылар вагоны және 26 электр станциялары вагонын алу жоспарланып отыр. Қызмет ету мерзіміне байланысты 945 вагон пайдаланудан шығарылады. Тағы 209 вагон күрделі жөндеуден өтеді.
Жолаушылардың жайлылығы үшін 564 вагондағы 1,1 мың санитарлық торап жаңартылады. Ескі санитарлық тораптарды бөлшектеу осы жылдан бастап қолға алынады. Олардың орнына жаңа қабырға панелдері, дәретхана, шұңғылшасы бар әрі жарықтандырылған және желдетілетін модульдер орнатылады.
Ұлттық тасымалдаушы басшылығы жолаушыларын пойыздарды жабдықтау сапасы мен клинингті қатаң бақылауда ұстайтындарына сендіріп отыр. Былтырдан бастап-ақ вагондардағы төсек жабдықтары жаңартыла бастады. Синтепоннан жасалған жұмсақ жастықтар, су жұқтырмайтын матрастар мен сапалы төсек-орын жабдықтары сатып алынды. Енді оларды жуу және өңдеу анағұрлым оңай, ал бұл пандемия кезінде аса маңызды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев тасымал мәселесі жөніндегі заңнамалық түзетулер пакетін қарастырған жұмыс тобына жетекшілік етті. Олар сондай-ақ жолаушылар вагондары паркін жаңарту мәселесін де қарастырды. Осы жылдың көктемінде заңға Президент қол қойды және ол өз күшіне еніп үлгерді.
Теміржол желісін дамытуды бұдан ары да жалғастыра беру қажет. Әрине, Кеңес Одағы құлдырағаннан бері келе жатқан вагондар паркін бірден жаңартуға мемлекеттің ресурсы жетпейтіні түсінікті. Көп жұмыс істелді, вагондардың көбі ауыстырылды. Олар жылы, жайлы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы болуы үшін бұдан ары заманауи стандарттарға жеткізу керек, – дейді депутат.
Жаңа вагондар
«Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондар паркін жаңартуды бастап та кетті. Жолаушылардың жайлылығын арттыруға керектінің бәрі қарастырылған модельдер сатып алынып жатыр.
2019 жылдың соңында Тверь вагон жасау зауыты (ТВЖЗ, ресейлік «Трансмашхолдинг» машина жасау компаниясының құрамына кіреді) Қазақстанға 28 вагон және 2020 жылдың наурызында тағы 18 дана вагон жеткізді. Вагондарды құрастыру Нұр-Сұлтандағы «Тұлпар» зауытында жүзеге асады. 2020 жылдың ақпанында жыл соңына дейін тағы 100 вагон жеткізу туралы шарт жасалды.
«Қазақстан теміржолының» пікірінше, бұл — баға мен сапаның тиімді қатынасы. Жолаушылардың жаңа вагондардағы сапар жайлы алғашқы пікірлері жоғары, бұл жеткізушіні дұрыс таңдағанымызды көрсетеді. Айтпақшы, жеткізу үдерісінің өзі Deutsche Bahn компаниясы менеджмент командасының қатысуымен өзгеріске ұшырады. Өндірісті жергіліктендіру және қауіпсіздік деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінді», – дейді TLK Media қатынас компаниясының бас директоры, ҚР Салалық медиа қауымдастығының төрағасы Жанна Исингарина.
Қазақстан ТВЖЗ-нан көбінесе 54 жолаушыны тасымалдауға есептелінген плацкарт вагондар сатып алады. Купе вагондарда 36 адам жүре алады.
Вагондардың қозғалу жылдамдығы — сағатына 160 шақырым, ал пайдалану мерзімі – 40 жылдан кем емес. Олар жолаушылар ұзақ жол барысында өздерін барынша жайлы сезінулері үшін керек заттардың барлығымен жабдықталған. Интернетке сымсыз кіруге мүмкіндік беретін құрылғылар, дербес розеткалар мен USB-жалғағыштар орнатылған. Санитарлық тораптар экологиялық таза дәретханалармен жабдықталған. Пойызда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін бейнекамералар қойылған.
Жаңа вагондарда аурудың алдын алу мақсатында ауаны зарарсыздандыру құрылғылары қойылған, бұл әсіресе пандемия кезінде аса маңызды. Олар вагон ішіндегі ауаны жоғары қуатты амальгамды бактерицидті ультракүлгін шамдарымен тазартады. Әр құрылғы 2500 м3/сағ. дейін зарарсыздандыра алады.
Мұндай вагондардағы ауа желдетілумен ғана шектелмей, сондай-ақ тазартылып, зарарсыздандырылады. Құрылғы пойыздың жүру барысында толықтай оңтайлы жұмыс істейді, – деп атап өтті ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов.
Сондай-ақ УК-шамдардың көмегімен су да тазартылады. Ауа мен суды зарарсыздандыруға арналған құрылғы тұтынушылардың құқығы мен адамдардың саулығын қорғау саласы бойынша бақылау жөніндегі Ресей мемлекеттік қызметінің құрамына кіретін Бүкілресейлік теміржол гигиенасы ҒЗИ салалық институтында толық сынақтан өтті.
Бір-бірімен теміржол қатынасы арқылы байланысатын Қазақстан аймақтарындағы климаттық жағдайдың алуан түрлі екені ескеріле отырып, аталмыш вагондардағы желдендіру жүйесіне де ерекше көңіл бөлінген. Оларды минус 40 градустан плюс 40 градусқа дейінгі ауа температурасы кезінде пайдалануға болады. Ал салон ішіндегі температура әрдайым 22 градустан 24 градусқа дейінгі температураны ұстап тұрады.
Купелі вагондардағы төменгі тақталар арқасы бар қолайлы диванға айналады. Төсек тақталар арасындағы қашықтықты арттыру есебінен жолаушылардың жүріп-тұруына бос кеңістік жасалған.
Жолаушылардың жайлылығы және қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда, өндірушінің модельдер қатары үнемі жетілдіріліп отырады. Мысалы, жаңа вагондардың жолаушылар сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ жеке кеңістік анағұрлым кеңейтіле түскен. Болашақта Қазақстанға дәл осындай вагондар жеткізілуі мүмкін.
Жаңа жолаушылар вагонын сатып алу – жүргізілуі тиіс және жүргізіліп жатқан жұмыс, себебі біздің вагондар паркіміз ескіріп қалған. Қазақстан – тұрғындар саны жағынан шағын мемлекет. Алайда мұндағы елді мекендердің арасындағы қашықтықты ескерсек, теміржол – азаматтарды бюджетті тасымалдауды қамтамасыз ететін басты көлік құралы, – дейді мәжілісмен Павел Казанцев.
Жолаушылардың жаңа енгізілімдерге деген көзқарасын білу мақсатында тасымалдаушы кері байланыс алу бойынша жұмысты ретке келтіруді жоспарлап отыр.