Нұр-Сұлтан тұрғыны алимент төлемегені үшін пәтерінен айырылды

Нұрсұлтандық азамат алимент төлемегені үшін коттеджінен айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына сілтеме жасап хабарлады.

Жеке сот орындаушысының 2020 жылдың 17 тамыздағы қаулысына сәйкес, оның қарызы — 3 миллион 857 мың теңге.

Орындау барысында борышкерге жеке сот орындаушысының мүлікті сату арқылы қарыз сомасын өндіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді. Келіссөздерден кейін ер адам алимент бойынша қарызды өтеу үшін жылжымайтын мүлікті өз еркімен беруге келісті, — делінген хабарламада.