2020 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
Алматы әуежайына — 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен — 838, анықтамасыз — 186;
Нұр-Сұлтан әуежайына — 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен — 396, анықтамасыз — 41;
Ақтөбе әуежайына — 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен — 119, анықтамасыз — 121.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарларына орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті, — делінген ведомствоның хабарламасында.