Ағайынды Харди (The Hardy Boys)

Режиссерлар: Джейсон Стоун, Мелани Орр, Джефф Ренфро, Кэйси Уокер

Жанр: Детектив, драма

Премьерас: 4 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Hulu.com

4 желтоқсанда сериалдың 1-маусымы басталады. Бұл маусымда 13 серия бар. Сюжет бойынша Фрэнк пен Джо Хардидың анасы қайтыс болады. Содан кейін ағайынды екеу әкесімен бірге Бриджпорт деген шағын қалашыққа көшіп барады. Көп кешікпей бұл мекеннен жасөспірімдер анасының өліміне себеп болған сұмдық құпияны біледі. Бас кейіпкерлер оқиғаның ақ-қарасын өз күшімен анықтауға кіріседі.

Түнгі Жердің бояуы (Earth at Night in Color)

Продюсерлер: Сэм Ходжсон, Айсла Робертсон, Алекс Уильямсон

Жанр: Деректі сериал

Премьерасы: 4 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Tv.apple.com

Сериал түнгі әлемге мүлдем жаңа көзқараспен қарауды ұсынады. Картина авторлары алты құрлық жануарларының түнгі өмірін көрсету үшін бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологияларды пайдаланған. Арнайы жабдық жануарлардың түнде не істеп, не қоятынын көруге мүмкіндік береді. Ұлыбритания түсірген деректі сериалда бас рольде Том Хиддлстон ойнайды.

«Стиллуотер» (Stillwater)

Сериалды түсіргендер: Gaumont Animation және Scholastic Media

Жанр: Отбасыға арналған мультсериал

Премьера: 4 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Tv.apple.com

Картина 10 сериядан тұрады. Сериал үш бала мен көршілері Стиллуотер деген панда туралы әңгімелейді. Панда балаларға қоршаған ортаны тануға және олардың проблемасын шешуге көмектеседі.

Селена / Selena

Режиссер: Хироми Камата

Жанр: Биография, Драма, Музыкалық

Премьерас: 4 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Netflix

Биографиялық сериал латын америкалық әнші Селена Кинтаниль-Переске арналады. Басты рольде «Сумерки» фиьмі мен «Ходячие мертвецы» сериалында көрінген Кристиан Серратос ойнайды. 23 жыл ғана өмір сүрген әнші «тек ер-азамат ойнай алады» деп саналған «техано» музыка бағытының патшайымы атанған болатын. Картина екі сериядан тұрады.

1997 жылы бұл әнші жайында Грегори Наваның «Селена» деген картинасы шыққан болатын. Онда басты ролді Дженнифер Лопес ойнады. Бұл фильмде де әншінің қайғылы һәм қиын тағдыры баяндалады.

Ұлы мәртебелім (Your Honor)

Режиссер: Эдуард Бергер

Жанр: Драма

Премьерас: 6 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Sho.com

Майкл Десиато — Жаңа Орлеанда тұратын құрметті судья. Отбасылы адам. Бір күні ұлы Адам жергілікті қылмыстық топ басшысының баласын байқаусызда өлтіріп қояды. Онымен қоймай оқиға орнынан қашып кетеді. Ал судья баласын қорғап қалу үшін бәріне баруға дайын.

Басты ролді танымал америкалық актер Брайан Крэнстон сомдайды. Бұл мини-сериал — 2017 жылы Израиль түсірген «Судья» картинасының америкалық ремейкі.

Алиса аралық әлемде (Imawa no Kuni no Arisu)

Режиссер: Синсуке Сато

Жанр: Детектив, Боевик, Фантастика, Фэнтези, Драма

Премьера: 10 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Netflix.com

Фэнтези Жапонияда түсірілген. Бар уақытын ойынға арнайтын жұмыссыз жас геймер туралы әңгімелейді. Бір күні ол екі досымен бірге Токионың адамы жоқ балама нұсқасына тап болады. Мұнда оларға тірі қалу үшін қатерлі ойынға қатысуына тура келеді.

«Шытырман» (The Wilds)

Режиссерлар: Джон Полсон, Хайфа Аль-Мансур

Жанр: Триллер

Премьера: 11 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Amazon.com

Amazon Prime-ның жаңа өнімі кейіпкерлер туралы. Бір-бірін танымайтын бір топ жасөспірім қыз әуе апатынан соң елсіз аралға тап болады. Шын мәнінде, бұл мұқият ойластырылған әлеуметтік эксперимент еді. Тағдыр мен берілген тәрбиенің алуандығы қазіргі әлемде қыз болып туып, өсудің қандай екенін көрсетеді.

«Кішкентай әдемі заттар» (Tiny Pretty Things) 

Режиссер: Самир Реэм, Гэри Фледер, Гари Харви, Эйприл Маллен

Жанр: Триллер

Премьера: 14 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Netflix.com

Чикагодағы беделді балет мектебінде бақытсыз жағдай болады. Үздік балет бишілерінің бірі шатырдан секіріп, қаза табады. Бұл оқиғаға мектеп басшылығы көз жұма қарап, істің анық-қанығын қазбаламайды. Мектепке талантты биші Неве шақырылады. Ол жалған әлемге, перде артындағы қауіпті ойын мен қатал бәсекелестікке тап болғанын өзі де сезбей қалады.

«Қарсылық» (The Stand)

Режиссер: Джош Бун

Жанр: Фэнтези

Премьера: 17 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: CBS All Access

«Қарсылық» — Стивен Кингтің The Stand романы желісі бойынша түсірілген триллер. Тұмаудың жаңа түрі адамзаттың 99%-ін жойып жібереді. Аман қалғандар ібілістің елшісі саналатын Қара адам мен Құдай бұйрығын орындайтын 180 жастағы қара нәсілді Абигейл шешейдің көшбасшылығына бөлінеді. Қара адамды Александр Скарсгард, Абигейл шешейді Вупи Голдберг ойнайды. 

«Бриджертондар» (Bridgerton)

Режиссер: Шери Фоксон, Олрик Райли, Джули Энн Робинсон, Том Верика

Жанр: Драма, Фантастика, Триллер

Премьерасы: 25 желтоқсан

Мына сайттан заңды түрде көруге болады: Netflix.com

Бұл сериал — XIX ғасырдағы Лондон өмірін баяндайтын картина. Оқиға сегіз ағайынды Бриджертондар айналасында өрбиді: олардың бай-бақуатты азаматтардан тұратын ағылшын қоғамында жаңа басталған өмірі жайды әңгімелейді. Бұл экранизацияның ерекшелігі — ағылшын аристократтары ролін ойнайтын қара нәсілді актерлер. Кадр сыртындағы ертекші — акртиса, әнші Джули Эндрюс. 

(Басты фото — «Сіздің мәртебеңіз» сериалының афишасы. Afisha.ru сайтынан алынды)