Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Түркістанда A.Q. ORDA зияткерлік мектебі ашылды

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Түркістан қаласында «A.Q. ORDA» зияткерлік мектебі салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Онда 1-6 сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мектепте пәндер тереңдетіп оқытылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауаттылық сынды түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Тіпті, домбыра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген.

Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Арасында шет елдерде білім алғандары да бар.

Мектептің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, педагогтардың еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Ақылы негізде оқытатын мектеп бүгіннен бастап жұмысын бастады.