Басты бетҚоғамТүркістан: Сайрамдағы...

Түркістан: Сайрамдағы лимон бағы өнім бере бастады

Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Шымыр-Медет» жылыжайында лимон ағаштары алғашқы жемісін бере бастады. Жылыжайдың жалпы көлемі 1 гектар аумақты құрайды.

2017 жылы жылыжай ісін қолға алған болатынмын. Араға 3 жыл салып төккен тердің жемісін көру бақыты бұйырыпты, қуаныштымын әрине. Қандай да бір шаруа болмасын алдымен қызығушылық таныту керек. Өзім зейнет жасындамын. Еңбек еткен адам ғана нәтижеге қол жеткізетіндігі анық,- дейді жылыжай иесі Зейнеп Жолдасова.

Қайнарбұлақ ауыл округіндегі лимон бағы — жабық топырақта өсірілетін облыс көлеміндегі ең үлкен жылыжай.

Жылыжай ісі бүгінде отбасылық кәсіпке айналған. Жоспар бойынша кәсіпкер өнім жиналса, облыс аймағы мен Шымкент қаласында саудалауды жоспарлап отыр.