Қазығұрт ауданында жыл басынан бері өңірлік өнім көлемі 111 миллиард 413,4 миллион теңге болды. Ал жалпы тартылған инвестиция көлемі 12 миллиард 579,9 миллион теңгеге жетті.
Аудан экономикасының басым бағыты болып табылатын ауыл шаруашылығында 39 млрд 463 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 102,2 пайызды құрады. Егіс көлемі 88 629,2 гектарға жеткізіліп, 4 102,4 гектарға артты. Жуырда ғана облыс орталығы Түркістан қаласында өткен «ALTYN-KUZ-2020» ауыл шаруашылығы мерекесінде аудан диқандарының қажырлы еңбегінің арқасында «Астық өндіруші озат аудан», «Ет өнімдерін қайта өңдеуден озат аудан», сондай-ақ, «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін орындаудан озат аудан» номинацияларына ие болдық. Бұл көрсеткіш тұтастай аудан шаруаларының бірлесіп атқарған еңбегі, — деді Төлеген Тұртайұлы.
Бұдан өзге, биыл аудандағы 51 елді мекеннің 102 235 тұрғынын табиғи газбен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда 77,47 шақырым ішкі көшелерге орта жөндеу және аудандық маңызы бар жолдар мен 1 көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.