Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Азық-түлік тауарларының ішінде жұмыртқа — 7,5%, шай — 6%, көкөніс — 2,1%, құс еті — 1,5%, кондитерлік өнімдердің бағасы — 1,1%-ға артқан. Ал, қанттың бағасы, керісінше, 3,5%-ға төмендеп, жеміс-жидектің құны да 0,5%-ға арзандаған екен.

Қымбатшылық киім-кешек пен дәрі-дәрмектерді, ыстық суды да айналып өтпеген. Киімдер 1%-ға, дәрілік заттар 0,6%-ға, ыстық су 0,2%-ға қымбаттаса, газдың құны 1%-ға, суық су мен электроэнергия 0,2%-ға арзандады.