Ал ересек болған сайын сол бір ғажайыпты күтіп, мерекелік атмосфераға ену кейбіріміз үшін қиынға соғады. Мұндай кезде адамға жаңа жылдық фильм немесе қысқа видеороликтер көмектеседі. Фильмдер мерекенің жақындағанын сездіріп, арманшыл жандарға әдемі көңіл-күй сыйлайды. Мұндай бейнероликтердің ең әсерлісі болып әдетте Coca-Cola компаниясының видеороликтері саналады. Себебі айналада ештеңе қуантпаса да, компанияның қысқа ғана видеосы ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Компания биыл да мағынасы бар дәстүрлі видеоролигін түсірді. Идея авторы және фильм режиссеры жаңазеландиялық сценарист, актер Тайка Вайтити. Тайка Вайтити «Кролик Ждоджо» фильмімен Оскардың лауреаты атанған.

Әлемдік бренд биыл қандай жағдай болмасын адамдар жақынына, отбасына, сүйіктісіне назарын аударып, жылуын, махаббатын, қамқорлығын сыйласа екен деген тілек білдіреді. Себебі бұл нәрсенің бәрін тек сіз сыйлай аласыз. Мұндай көңіл ол адамның қасында болуды ғана білдірмейді. Оның жандүниесін түсініп, адамдарды рухани жақындастырады. Дәл осы ойды видеороликтегі кейіпкер де жеткізгісі келеді. Компания өкілдерінің айтуынша фильм жарнама емес, әлеуметтік жобаға ұқсап кетті.

Әсерлі оқиға қарапайым отбасы туралы баяндайды. Қызы іссапарға жиналып жатқан әкесінен Аяз Атаға хат жіберуді сұрайды. Бірақ әкесі хатты поштамен жіберуді ұмытып кетеді де, оны өзі жеткізуге бел буады. Ол Солтүстік полюске барар жолда теңізде жүзіп, тік жартастарға көтеріліп, тығыз джунгли мен қатал тундрадан өтеді. Әкесі қызының тілегі орындалуы үшін хатты сиқыршыға жеткізе ала ма? Соңғы кадрдағы күлімсіреген Аяз ата осы мерекеде компанияның барлығына арналған негізгі ұранын жеткізеді: жақын адамдарға шынымен қандай сыйлық маңызды екенін.

2020 жылғы науқан идеясы бренд жарнамасының жүз жылдық тарихынан алынған барлық идеяны біріктіреді және нағыз құнды сыйлық адамдардың бірлігінде екенін баса айтады.

Coca-Cola-ның жаңа мерекелік бейнеролигі: