Әлемдегі ең кішкентай 5 қала

Мелник қаласы, Болгария. Тұрғындар саны – 390 адам

Мелник қаласы

Болгариядағы Мелник қаласында XX ғасырда 5000-ға жуық адам мекендеген екен және тұрғындардың көбісі грек халқы болған. Қаланың маңында борлы жартас көп болғандықтан, Мелник, яғни «борлы қала» деп аталып кеткен. Қалада Болгария бойынша ең көне ғимарат Бояр үйі (Византиялық) бар. Бұдан басқа 100-ге жуық ескерткіштер мен өнер туындыларын кездестіруге болады.

Рейне қаласы, Норвегия. Тұрғындар саны – 342 адам

Рейне қаласы

 

Норвегияның Лофотенск аралдарында орналасқан Рейне  — ең кішкентай әрі ең көрікті қалалардың бірі болып саналады. Балықшылар мекеніне айналған қалашық таңсәріде және күн батарда суретші үшін таптырмас дайын жұмыс деуге де болады.

Рабштейн, Чехия. Тұрғындар саны – 25 адам

Рабштейн қаласы

Рабштейнге қала мәртебесі Ян Люксембургтың қолдауымен XIV ғасырда берілген. Қаланың бір ғана көшесі бар. Бұл жергілікті мекенде бұрындары саз балшықты тақтатас өндірген екен. Кезінде 500 адам тұрғындаған қызыл шатырлы қалаға бүгінде чех халқы демалу үшін келеді.

Хум қаласы, Хорватия. Тұрғындар саны – 17 адам

Хум қаласы

13 үй ғана бар Хум елді-мекеніне қала мәртебесі XI ғасырда берілген. 1000 жылдық тарихы бар шаһарда шіркеу, дәрігер, сот, полиция, өрт сөндіруші қызметкерлері жұмыс істейді. Тіпті, қаланың өз сайты бар.

Буфорд қаласы, АҚШ. Тұрғындар саны – 1 адам

Буфорд қаласы

Дон Сэммонс аталған қалаға алғаш 1980 жылы отбасымен көшіп келеді. Осы жерде көп жылдар бойы қала әкімі болып та, аула сыпырушы болып та, май құюшы әрі сатушы ретінде бірнеше қызметті қатар істейды. Әйелі қайтыс болған соң, 2008 жылы жалғыз ұлы басқа жаққа көшіп кетеді. Ал 2012 жылы Дон қаланы сатуға қояды. 15 минутқа созылған аукционда вьетнамдық кәсіпкер жеңімпаз атанады. Сатылым бағасы – 900,000 $. Кәсіпкер Буфорд қаласын PhinDeli атауына өзгертіп, АҚШ-та алғаш рет вьетнамдық кофе сатумен айналысады.

 

 

Дереккөзkazakh-tv