Түркістан: ауыл мектебіне 13 миллион теңгеден астам қаржыға заманауи оқу жабдықтары сыйға берілді

1-11-сынып бойынша барлық пәндер бағдарламасын қамтыған, интернет байланысын қажет етпейтін заманауи құрылғы оқушыларға үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуға мүмкіндік береді.

Қазір екі «BILIMBook» тақтасы, елу компьютер, бес принтерден тұратын жабдықтар мектептің 4 оқу кабинетіне орналастырылып, алдағы уақытта оқушылардың игілігіне пайдаланылмақ. Т

үркістан облысындағы мектептердің ішінде алғашқы болып орналастырылып отырған «BILIMBook» тақтасының мүмкіндігі ерекше. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларға да бұл заманауи тақтаның көмегі тиері сөзсіз.

Мектеп ұстаздарының айтуынша мұндай жабдықтар тіпті Республикадағы мектептерде де табыла бермейтін көрінеді.

Атап өтейік, кәсіпкер Мэлс Ешмұратовтың игі істері мұнымен шектелмейді. Ол жуырда ғана ауыл жастарына арнап құны 15 миллион тұратын спорт кешенін салып берген.