Басты бетҚоғамМедеу мұзайдынына...

Медеу мұзайдынына бармай тұрып нені ескеру керек?

Медеуде қандай ережелерді ұстану керек?

Пандемияға байланысты санитар талаптарды қатаң сақтау талап етіледі.

Спорткомплекстің ішінде бір уақытта 500-ден артық адам жүре алмайды.

Мұзайдынға кіру билетін ресми сайттан (Medeu.kz) немесе Zakazbiletov.kz, Kaspi.kz секілді платформалардан онлайн алу керек.

Конькиді жалға алу, күту залына өту, ішке кіру әр адамға 5 шаршы метрден шектеледі.

Алаңда сағат тіліне қарама-қарсы бағыт бойынша 3-5 адамнан (бір отбасы мүшелері) бір метр арақашықтықта сырғанау керек.

Мұзайдын әкімшілігі келушілерді зал трибунасына әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кіргізеді.

Адамдар коронавирус инфекциясын жұқтырмауы үшін санитар ережелер сақталады. Мереке және демалыс күндері адам көп болуына байланысты мұзайдынға кіру сеансқа 30 минут қалғанда басталады.

Сырғанау кезінде айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне, денсаулығына мұқият болуды және мұзайдындағы коньки мен басқа да құрылғыларға ұқыпты қарауды сұраймыз, — деп жазады мұзайдын әкімшілігі.

Кім тегін сырғанай алады?

6 жасқа дейінгі балалар, мүгедектігі бар жандар, Ұлы Отан соғысына және Ауғанстандағы ұрысқа қатысқан, сонымен бірге Чернобль апатына қатысқан және көпбалалы отбасының 18-ге толмаған балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері мұзайдынға тегін кіреді. Тек сеансқа кірерде әлеуметтік статусын растайтын құжатын көрсетуі керек.

Медеудегі сеанс кестесі
Инфографика: Medeu.kz

Мұзайдынға кіруге кімдерге тыйым салынған?

Бас санитар дәрігердің қаулысы негізінде мұзайдынға 65 жастан асқан азаматтар кіргізілмейді.

Жоғары температура мен жөтелі бар адамдар да кіре алмайды. Маскасыз кіруге тыйым салынады. Мас күйде кіруге болмайды.

Мұзайдында не істеуге тыйым салынады?

  • Алгоколь сусындарды алып баруға, ішке кіргізіп, сол жерде ішуге рұқсат жоқ.
  • Medeu kids алаңына 12 жастан асқан балалардың өтуіне тыйым салынады.
  • Мұзды тазалап жатқан кезде алаңға кіруге және сеанс аяқталғанда алаңда қалуға болмайды.
  • Балаларды шанамен, жеңіл арбамен және қолмен сырғанатуға рұқсат етілмейді.
  • Конькимен алаңның мұзсыз жерінде немесе резина жолақта жүруге тыйым салынады.
  • Мұзайдынға сусын және тамақ алып кіруге, конькисіз жүруге тыйым салынады.
  • Мұзға гольф, хоккей ойнайтын таяқты және селфи түсіретін құрылғыны алып кіруге болмайды.
  • Күрделі мәнерлеп сырғанау элементтерін жасауға және қатты жылдамдықпен сырғанауға тыйым салынады.
  • Мұзайдында сырғанап жүріп, алаңның шетіне құралдар мен басқа да заттарды лақтыруға тыйым салынады.

Жалпы ережелерді бұзған жағдайда Медеу әкімшілігі төленген соманы қайтармай, клиенттің шығып кетуін талап етуге құқылы.

Сырғанау кезінде жарақат алған жағдайда мұзайдын әкімшілігі жауап бермейді.

Сеанс ортасында мұзайдыннан уақытша шығатын адам 1-турникеттегі контролердан қайта кіруіне болатын рұқсатнама алуы керек. Рұқсатнамамен басқа адам кіруіне болмайды.