Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Әуеліде ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Науқастың ми және жұлынына зақым келген. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқасты №2 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары қарап шықты. Алайда барлық жүргізілген емдеу шарасына қарамастан, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады, — деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.
Әйгерім Ардаққызының айтуынша, жансақтау бөлімінде тағы екі адам жатыр. Қалған науқастар аурухананың бейінді бөлімшелерінде ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы дәмханада газ баллоны жарылды. Салдарынан асүй бөлмесіндегі шатыр опырылған. Жарылыстан ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмған еді. 35 адам жарақат алып, 23 адам ауруханаға жатқызылды.