0%

Таңғы асқа қандай сусынды ішкен дұрыс деп санайсыз?

Көпшілік ортада өзіңізді қалай ұстайсыз?

Кафеде тамақ ішіп отыр едіңіз, көптен көрмеген танысыңыз алыстан амандасты да, жаныңызға кеп, үстел басына отырып, әңгімесін айта бастады. Не істейсіз?

Мына тізімдегі қай әрекетті әдепсіздік деп есептейсіз?

Ұзақ сапардан үйге не әкелер едіңіз?

Қандай тағамды ұнатасыз?

Қайсысын бірінші кезекте қолданып көру қызық болар еді?

Қай әншінің шығармашылығына қызығасыз?

Балаңыз болашақта спортшы боламын десе, қай спорт түрін таңдауға кеңес берер едіңіз?

Салт-дәстүр ұстанасыз ба?

Тест: қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қазақ болып тумағанда... жапон болар едіңіз.
Жапондар үнемі өздерін сыпайы әрі байсалды ұстауға тырысады. Жеке кеңестікті бұзғанды ұнатпайды. Тіпті, екі туып, бір қалған туысқанның құшақтап, жақын тартқанын кейде ерсі көреді. Осы тұрғыдан сіз де жапонға ұқсайтын сияқтысыз.
Қазақ болып тумағанда... үнді болар едіңіз.
Сіз үшін материалдық жағдай емес, рухани құндылық маңызды. Белгілі бір өмірлік қағидаларыңыз бар. Өзгелер оныңызды түсіне бермесе де, ауыртпалық көрсе де, мұндай ережелер сізге жеңіл өмір сүруге көмектеседі. Дегенмен арасында шат-шадыман би билеп, ән салып, демалу керек екенін де ұмытпайсыз.
Қазақ болып тумағанда... итальян болар едіңіз.
Пирегей түбегінің тұрғындары – туа бітті актер. Кейде олардың өмірі құдды бір пьеса сияқты көрінеді. Сіз де өзіңізге назар аударқанды жақсы көресіз және ол қолыңыздан келеді. Сыртқы келбетіңізге мән бересіз. Бір сөзбен айтқанда, итальяндар секілді әдемі өмір сүруді ұнатасыз.
Қазақ болып тумағанда... швед болар едіңіз.
Шведтер өте еңбекқор келеді. Бірақ Еуропа халқының ішіндегі ең тұйық мінезді халық - осылар. Кез келген адаммен ашылып, сөйлесіп кетпейді. Өзіне қатысы жоқ жағдайға пікірін білдіре бермейді. Осы жағынан сіз швед сияқтысыз.
Қазақ болып тумағанда... француз болар едіңіз.
Ашық-жарқын, көңілді адамсыз. Кез келген ортамен тіл табысып кете алатын шешенсіз. Дегенмен жалқаулық, тұрақсыздық, үнемі кешігу сияқты қасиеттер де айналып өтпеген. Қысқасы, французсыз.

Әлеуметтік желіде бөлісу: