Басты бетҚоғамҚызылорда облысының...

Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму картасы» әзірленді

Биылға 26 миллиард теңге болатын 110 жоба жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде 2 мың азамат жұмыспен қамтылады.

Аймақта төрт түлік малдың еті, сүті, жүнін кәдеге асырып, оны қайта бағыттау бизнесі жолға қойылып келеді Сонымен қатар біздің өңірде 25644 көпбалалы ана бар. Оларды да бизнеске тартып жатырмыз. «Еңбек» бағдарламасы арқылы аналардың бизнес идеяларын жүзеге асыру мақсатында 602 көпбалалы анаға грант бердік, — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұнымен қоса, ерлер жейделерін тігумен айналысатын «Далатекс» ЖШС-мен бірлесіп маңызды жоба іске асырыл. Атап айтсақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында 123 әйел тігін шеберлігіне оқытылып жатыр. Оларға тігін машиналары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға 555 мың теңгеден гранттар беріледі. Оқыған азаматшалар жеке кәсіп ашып, аталған компаниямен келісімшартқа қол қойып, үйде жұмыс істей алады.