Қызылорда облысында «Еңбек» бағдарламасымен 1500-ден астам адамға білім беріледі

Жобалар аяқталғаннан кейін 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бағдарлама аясында жүріп жатқан құрылысқа жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттедік. Жоба жүзеге асқанда тұрақты жұмыс орнын ашуды да шартқа енгіздік. Сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуына тікелей бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында 1515 адамға техникалық және кәсіптік білім беріледі. 1 мың адам қайта оқуға жолдануда, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева.

Ал «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2272 адам жолданды. Оның 1400-і оқуды аяқтап, сертификат алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 549 адам шағын несие алды.