Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтандағы дәмханадағы...

Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыстан соң 23 адам ауруханаға жатқызылды

Газ баллоны жарылысынан жалпы 35 адам зардап шекті. Олардың бәрі қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Медицина мамандары зардап шеккендерді қарағаннан кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, 11 адам жеңіл жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді, — делінген хабарламада.

Науқастар әртүрлі дәрежедегі термиялық күйікпен, орташа ауырлықтағы улану белгілерімен №1 және №2 көппрофильді қалалық ауруханаға жатқызылды. Басқа жараланған және миы шайқалған пациенттер ауруханалардың профильді бөлімдерінде жатыр.

Айта кетейік, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан бір әйел қайтыс болды. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында қайтыс болған әйелдің отбасына көмек берілетінін жазды. Оған қоса, әкім Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.