Халыққа жұмыстың нақты нәтижелері қажет. 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жойып, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етіп, барлық онлайн қызмет пен сервистің қолжетімділігін 100%-ке дейін арттыруымыз керек, — деді Аcқар Мамин.
Премьер-министр Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті eGov mobile-ға ауыстыру жоспарын бекіту тапсырды.