Несие картасынан қаражат шығару бұдан былай тиімсіз, өйткені тұтынушыдан банкомат арқылы несие ақшасын шығарғаны үшін 5% комиссия алынады. Демек, қазіргі таңда қолма-қол ақшасыз төлем тиімдірек. Сондықтан да Forte барлық қазақстандықты технологияның цифрлық дәуіріне көшуге шақырады. Осылайша банктің клиенттері несиесін 50 %-ке дейін үнемдей алады.

Осы уақытқа дейінгі тәжірибеден белгілі болғандай, қараша айы – сауданың ең көп жасалатын уақыты. Өйткені дәл осы айда бүкіл әлемде Black Friday өтеді. Нарық дәстүрлеріне байланысты әр елдің өз күндері бар, бірақ Рождество алдындағы сату дәстүрі пайда болған АҚШ-та бұл кезең қарашаның соңғы жұмасына келеді. Бұл күні желідегі де, офлайндағы да ірі желілік дүкендер тауарларының бағасын минимал мәнге дейін төмендетеді. Сол себепті қараша айы қажет затты минимал шығындармен сатып алуға айрықша мүмкіндік береді.

Forte-сәттілік
Фото: ForteBаnk баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, ForteBank кез келген қажеттілікке 100 мыңнан 7 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде тұтыну несиелерін жылдық сыйақының тиімді мөлшерімен — 7,3%-тен бастап 5 жылға дейін ұсынады. Егер банкомат арқылы несие сомасын қолма-қол ақшаға айналдырмасаңыз, 5%-ке дейін үнемдей аласыз. Бұл жеңілдік 2020 жылдың қараша айының соңына дейін ғана жалғасады.