Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Молдованың жаңа президентін құттықтады

Сайлаудағы сенімді жеңісіңіз демократиялық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан өркендеген мемлекет құру бағытыңыз халықтан қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, дәстүрлі достық пен өзара табысты ынтымақтастыққа құрылған қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсеміз деп үміттенемін, — делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

РИА Новостидің хабарлауынша, Молдовада жексенбі күні президент сайлауының екінші туры өтті. Молдова азаматтары алдағы 4 жылға мемлекет басшысын сайлады. Сайлаудың екінші турына қазіргі президент Игорь Додон және экс-премьер-министр, «Әрекет және ынтымақ» партиясының жетекшісі Майя Санду қатысты. Екінші турда Майя Санду 57,7% дауыс жинап, жеңіске жетті, ал Игорь Додонға сайлаушылардың 42,25%-і дауыс берген.