«Үркер» ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары кімдер?

«Үркер-2020» сыйлығының жеңімпаздары:

Үздік фотосурет:
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экология шолушысы.

Үздік репортаж:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz

Үздік аналитика материалы:
Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz

Үздік журналист зерттеуі:
Михаил Козачков, «Время» газеті.

Үздік сұхбат:
Гүлбаршын Сабаева, Egemen Qazaqstan газеті.

Үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі.

Радиостанциядағы үздік жоба:
Atyray радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасы.

Үздік жаңалықтар порталы:
Tengrinews.kz порталы

Үздік газет:
Aq jol газеті

Үздік журнал:
«Жұлдыз» журналы.

Шерхан Мұртаза атындағы номинация:
Қайнар Олжай

Әр номинация үздігіне жеңімпаз атағымен қатар «Үркер» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Айта кетейік, Baribar.kz журналистері Еңлік Сақтан және Гүлім Еркінбек «Үркер» сыйлығының номинанттар тізімінде болды. Еңлік Сақтан «Үздік танымдық материал», Гүлім Еркінбек «Үздік аналтика материалы» номинациясы бойынша үздік төрттікке енді.

Байқаудың 11 номинациясына қатысушылардан 470 өтініш түскен. Өтініштер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды.