Басты бетҚоғамҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары желтоқсанда неше күн демалады?

Қазақстан азаматтары бұл айда сенбі және жексенбіні қоспағанда 1 желтоқсанда демалады. Өйткені бұл  — Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні.

Ал Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 16, 17, 18, 19 желтоқсан күндері демалады. Айта кетейік, 18 желтоқсандағы жұмыс күні жексенбі, 20 желтоқсанға ауысады.

Тұңғыш президент күні 2012 жылдың 1 желтоқсанынан аталып өте бастады. Бұл мерекені атап өту туралы шешім 2011 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. Ол кезде ҚР Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Бұл мереке ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет алдындағы ерен жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

ҚР Тәуелсіздік күні – мемлекеттік басты мереке. Ол жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күні 1991 жылы Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттің егемендігі туралы заңды қабылдады. Республикада ұлттық мерекеге орай демалыс күні болып есептеледі және келесі күн — 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының демократиялық жаңару күні болып жарияланған.