Бүгін, 12 қарашада Сенат осындай заң жобасын қарады.
Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң салық саясатын жетілдіру, бизнес жүргізу тәртібін жеңілдету және Қазақстанға инвестиция тарту мәселелерін қарастырады. Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар құжатты Мәжіліске кері қайтарды.
Азаматтардың салықтарын жеңілдету, шағын және орта бизнес пен инвесторларға қолдау көрсету жақтарына ерекше көңіл бөлінді. Сол себепті сенаторлар Салық кодексіне енгізу үшін бірқатар маңызды түзетулер ұсынып отыр. Бұл түзетулер мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыруға арналған, — деді Мәулен Әшімбаев.
Бірінші кезекте түзетулер шағын және орта бизнесті қолдауға арналып отыр. Сенаторлардың мәліметі бойынша, пандемия салдарынан осы саладағы кәсіпорындардың 30%-і жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.
Пандемиядан айтарлықтай зардап шеккен секторға қолдау көрсету үшін шағын және орта бизнесті 2 жылға қосылған құн салығынан және әлеуметтік салықтан босату ұсынылып отыр. Табыстың 3%-і көлемінде бөлшек салық енгізіледі, — Сенат төрағасы.
Заң жобасына инвесторларға қолдау көрсетуге арналған бастамаларын іске асыру үшін тиісті нормалар енгізілді.
Инвестиция көлеміне, мерзіміне және жұмыс істейтін орынға байланысты инвесторлар 10 жылға дейін корпоратив табыс салығынан, жер салығынан, қосылған құн салығынан және мүлік салығынан босатылады. Бұл қадам қазіргідей күрделі кезеңде ел экономикасына инвесторлар тартып, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қажет, — деді Мәулен Әшімбаев.