Жұмыс орнында жаттығу жасау ережесі 10 қарашадан бастап күшіне енді. Алайда ұйымда қызметкерлердің жаттығу жасап жатқанын ешкім тексермейді. Мұны жұмыс беруші өзі шешеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы Әйгерім Садубаеваның айтуынша, бұл — қарапайым жаттығулар. Денсаулықты нығайту және қызметкерлердің жұқпалы ауруға шалдықпауы үшін ұйымдастырылады.
Ұйымда жаттығулардың жүргізілуін тексеру қарастырылмаған. Жұмыс берушінің өзі біледі. Дегенмен жұмыс беруші қызметкерінің денсаулығы үшін таңдау жасап, салауатты өмір салтын насихаттауы қажет, — деді Әйгерім Садубаева.
Айта кетейік, бұл норманы Мәжіліс депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті талқылау барысында ұсынды.
5 қарашада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында физика жаттығуларын жасау ережесін бекітті.