3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жетті.
Басылымдардың мәліметінше, Байден сайлауға қажетті 270 сайлаушының дауысын жинаған. Болжам Пенсильваниядағы жаңа мәліметтер аясында жаңартылыпты, онда Байден Дональд Трамптан алшақтықты 31 мың дауысқа дейін арттырған.
Бірақ Пенсильвания мен басқа да бірқатар штатта ресми түрде дауыстарды санау аяқталған жоқ.
Еске салайық, мұның алдында АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері шыққан болатын.